Венгрияның астанасы – Будапештте су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтуде.
Мəнерлеп жүзу бойынша Қазақстандық жұп Екатерина мен Александра Немичтер тарихымызда алғаш рет финалдық кезеңге жолдама алды.
«Бұл біздің үшінші әлем чемпионатымыз. Жылма-жыл нәтижемізді жақсарып келеміз. Биыл міне финалға да жолдама ұтып алдық. Негізгі, бұрыннан келе жатқан қарсыласымыз АҚШ болатын. Әзірге сәл ғана қалып келеміз. Бүгінгі 12-ші орынмен тоқтап қалар ниетте емеспіз. Одан да жоғары көтерілетімізге сенімдіміз, — дейді ағайынды спортшылар.
Онымен қоса, командалық сында қыздарымыз 12-ші нəтижемен ақтық сынға жолдама алып отыр. Құраманың жинаған ұпай саны 81,0333. Финал ертең өтеді.