Басты бет / Басқа түрлер / ЗҮЛФИЯ ҒАБИДУЛЛИНА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ЗҮЛФИЯ ҒАБИДУЛЛИНА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Мексика елінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін стильде жүзуден 50 м қашықтықта Зүлфия Ғабидулина алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Вaq.kz.

Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидулина үздіктердің көшін бастады. Ол 42.87 секунд көрсеткішпен мәреге бірінші болып келді. Екінші орынды Грекиядан келген Александра Стаматопула (+2.92) иеленсе, қола медаль италиялық спортшы Патрисия Валлеге (+12.75) бұйырды.

Кеше Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті. Әнуар Ахметов пен Андрей Афанасьев 100 м қашықтықта кеудемен жүзуден күміс және қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін қарағандылық Наталья Звягинцева Мексикада өтіп жатқан әлем чемпионатында 50 метр қашықтыққа арқамен жүзуден І орын алған болатын. Бұл – Қазақстан тарихында осы спорт түрінен әлем чемпионатында алған алғашқы алтын. Бұдан басқа, Звягинцева Азия рекордын да жаңартты.

Аталған әлем чемпионаты Мексикада желтоқсанның 2-сі басталды және бүгін аяқталады.

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …