Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / ЖАС ТАЕКВОНДОШЫЛАРДЫҢ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ НӘТИЖЕЛЕРІ

ЖАС ТАЕКВОНДОШЫЛАРДЫҢ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ НӘТИЖЕЛЕРІ

Вьетнамда таеквондо спортынан екінші рет жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтуде.

Қазақстандық жас спортшылар толық құрамда құрлық біріншілігіне аттанды. Жарыстың алғашқы күні таеквондошыларымыз 1 күміс және 3 қола медаль иеленіп отыр.

49 келіде Нүснәлім Бекжан ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдені иеленді.  Аманжанов Бекежан (45 кг),  Срапилов Диас (53 кг) және  Сансызбай Гаухар (37 кг) үшінші орыннан көрінді.

Қазіргі уақытта Азия құрлығында таеквондо спорты аса қарқынды дамығанын айта кету керек. Жастарымыздың құрлық біріншілігіндегі бұл жетістігін жоғары деп бағалауға болады.

 

 

Сондай-ақ

АСТАНАДА БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

«ЭКСПО» Халықаралық көрмесі аясында 21-24 шілде аралығында Астана қаласында белбеу күресінен әлем чемпионты өтеді. 15-ші …