Тайпей елінде жазғы Универсиада ойындары өтуде. Жарыстың сегізінші күні таеквондошыларымыз құрама қоржынына жүлде салды.
Атыраулық Жансель Дениз 73 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды. Жеңіске жету үшін спортшымыз бес кездесу өткізді.
Алғашқы айналымда Жансель Чилилік қарсыласын 23:8 есебімен оңай ұтты. Кейін Германиялық азулы қарсыласын 17:12 есебімен жеңді.
Ширек финалда Мексикалық таеквондошыны 5:8 есебімен қапы қалдырды. Жартылай финалда Түрік спортшысын аса тартысты өткен сайыста 3:1 есебімен ұтты.
Ақтық сында Корея елінің спортшысы Ли Давин өзінің мықты екенін дәлелдей алды. Корей қызы Денизді 34:11 есебімен ұтты.
Айта кету керек, бұл осы Универсиада ойындарындағы Қазақстан таеквондошыларының алғашқы медалі.