Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында таеквондодан ересектер арасында әлем чемпионаты өтуде.
Таеквондодан әлем чемпионатының бірінші күні «БІЗ ОЙЛАҒАНДАЙ» уақытынан бұрын мәресіне жетті.
54 келі салмақта Сапарғали Әбдірашев (1999 ж.) 1/64 кезеңде алғашқы кездесуін Тайпейлік Уанг Шан У-ға қарсы өткізіп, 16:30 есебімен ұтылып қалды.
46 келіде Анаргүл Сабыр алғашқы кездесуінде Вотсваналық қарсыласы Шеррине Варроусты 22:10 есебімен ұтты. Кейін 1/32 кезеңде КОРЕЯЛЫҚТАН заңды түрде 2:16 есебімен ұтылып қалды.
Есесіне екінші күні спортшыларымыз 8 жыл бойы асыға күткен медальға бір табан жақындады, Нақтырақ айтсақ:
Қайрат Сарымсақов әлем чемпионатындағы 74 келі салмақта 1/64 кезеңде Нигериялық қарсыласын оңай ұтты. Кейін 1/32 кезеңде Еуропа чемпионы, Португалиялық Джулио Феррираны 5:6 есебімен тартысқа толы кездесуде қапы қалдырды. 1/16 кезеңде Латвиялық Ауримас Клемасты 15:9 есебімен ұтты.
Жартылай финал жолдамасы сарапқа салынған сында Тайпей спортшысын аса тартысқа толы сайыста тізе бүктірді. Негізгі уақыт 5:5 есебімен аяқталды. Тек қосымша уақытта ғана Қайрат әлем чемпионатының медальіна қадам жасады. Қандай медаль болатынын ертең анықтаймыз. Жартылай финалдағы қарсыласымыз Өзбекстандық Никита Рафалович.
Никита әлем чемпионатының күміс жүлдегері, соңғы Бакуде өткен Ислам ойындарының чемпионы. Тәжірбиелі Өзбек таеквондошысына қарсы кездесу ертең өтеді.
Әйелдер арасында 49 келі салмақта ел намысын Айнұр Есбергенова қорғаған болатын. Олимпиада ойындарының қатысушысы 1/64 кезеңде бос болды. Кейін 1/32 кезеңде Аустралиялық Кемена Уатерфордпен жолығып, тартысты кездесуде 18:17 есебімен жеңіске жеті.
1/16 кезеңде қарсыласы осы әлем чемпионатындағы номері екінші спортшы Мексикалық Имзел Манжаррез болды. Қос спортшы да Рио Олимпидасына қатысып, іріктеуден өте алмаған болатын. Кездесу тартысты өтті. Көп жағдайда біздің спортшы ұпай санымен басымыдылықта келе жатты. Соңғы үшінші кезеңде Мексикалық өз дегеніне жетіп, есепті теңестіріп кетті. Кейін қосымша уақытта Имзел Айнұрдың қақ басынан теуіп, 3 ұпайды еншілеп, әлем чемпионатындағы жорығын жалғастырып кетті.