БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі уақытта «Барселона» басшылығы қорғаушы іздеуде.
Каталондықтар қорғанысты күшейту мақсатында қорғаушы сатып алмақ ойда. Ал сатып алуы мүмкін ойыншылар тізіміне келесі қорғаушылар кіреді: Калиду Кулибали («Наполи»), Матийс де Лигт («Аякс»), Милан Шкриньяр («Интер») және Дайотчанкуль Упамекано («Лейпциг»).
Сондай-ақ, бірнеше күн бұрын «Барселона» «Атлетико» клубының сол жақ қорғаушысы Филипе Луиске қызығушылық танытуда деген ақпараттар шыққан еді.