WBC ГОЛОВКИНГЕ «КАНЕЛОМЕН» ҮШІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТКІЗУ ҮШІН МІНДЕТТІ ҚАРСЫЛАС ТАҒАЙЫНДАДЫ

Бүгін Киевте WBC-дің конвенциясында, барлық салмақтар бойынша чемпиондыққа міндетті үміткерлерге арналған мәжіліс өтті.

Кеңес, орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес үшін өзінің чемпиондық атағын желтоқсан айында ерікті түрде қорғау жекпе-жегін өткізуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, WBC орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен уақытша чемпион Джермалл Чарлоға өзара жекпе-жек өткізуді тапсырды. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы Альвареспен чемпиондық атақ үшін кездесу өткізуге мүмкіндік алады.

Бөлісу: