Әйгілі мәнерлеп сырғанаушылар Денис Тен және Алексей Ягудин Алматыға келеді
Мәнерлеп сырғанаудың хас шеберелері, Олимпиада ойындарының, халықаралық чемпионаттардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Денис Тен және Алексей Ягудин Алматыда жас спортшыларға шеберлік сабақтарын өткізеді.
Олар мамырдың 17-і мен 19-ы күндері «Алматы Арена» мұз сарайында өз тәжірибиелерімен бөліседі. Спорттық шараның ресми ашылуы мамыр айының 17-і күні сағат 14.00.
— 17 мамыр –Денис Теннің шеберлік сабағы және жанкүйерлермен кездесу.
— 18 мамыр –Алексей Ягудиннің шеберлік сабағы.
— 19 мамыр – Денис Тен және Алексей Ягудиннің шеберлік сабағы және жас спортшылардың өнер көрсетуі
Спорттық шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен үздік 20-ға жуық спортшы қатысады. Бұған дейін, Денис Тен алып шаһарда жас сырғанаушыларға бірнеше шеберлік сабақтарын өткізіп, өз шеберлігімен бөлісіп, мәнерлеп сырғанаудың қыр-сырын жан-жақты үйреткен болатын.
Айта кетер жайт, Денис Тен Алматыда өткен Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың жеңімпазы. Қазір спортшы Мәскеу қаласында тұрып, жаттығады.
Денис Юрьевич Тен — қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері. Ол мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері , VІІ қысқы Азия ойындарының жеңімпазы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы. ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Алексей Константинович Ягудин –ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері. 2002 жылдың Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы (1998, 1999, 2000 и 2002 жж.), үш дүркін Еуропа чемпионы (1998, 1999, 2002 жж.), екі мәрте мәнерлеп сырғанаудан Гран-при финалдарының жеңімпазы, кәсіпқойлар арасында екі дүркін әлем чемпионы және жасөспірімдер арасында әлем чемпионы. ОлАҚШ-тың Колорадо-Спрингс-те мәнерлеп сырғанаудан даңқ залына енгізілген.
Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі