Басты бет / Велоспорт / TOUR OF LANGKAWI. ЛУКЬЯНОВ АЗИЯЛЫҚТАР АРАСЫНДА ЕКІНШІ ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ

TOUR OF LANGKAWI. ЛУКЬЯНОВ АЗИЯЛЫҚТАР АРАСЫНДА ЕКІНШІ ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ

Велоспорттан Малайзияда өтіп жатқан «Tour Of Langkawi» көпкүндігінің 6-кезеңі аяқталды. Бұл этапта «Vino-Astana motors» командасынан ең үздік нәтижені Сергей Влассенко көрсетті. Ол мәреге 16-болып келді. 

Сеневанг пен Муар қалаларының арасын жалғаған 176,3 шақырымдық кезең спортшылар үшін спринттік аймақта басталып, таулы аймақта аяқталды. Кезең басында Сеневанг қаласында жауған жаңбыр спортшыларға біраз кедергі келтірді. Дегенмен Муар қаласына жақындағанда күн ашылып, спортшылар таулы аймақты еш қиындықсыз артқа қалдырды. Ал мәре сызығына 5 км қалған кезде Муар қаласында спринтшілер топ басына шыға бастады. Тартысты өткен кезеңде «Bardiani» командасының өкілі Энрико Барбин жеңіске жетті. Екінші болып Антони Джакоппо (Isowhey Sports) келді. Үштікті Филиппо Позатто (Trestina) қорытындылады. «Vino-Astana motors» шабандозы Сергей Влассенко 16-нәтиже көрсетті. Өзге де қазақстандық спортшыларадың нәтижесі келесідей: Дмитрий Лукьянов — 37, Степан Астафьев — 49, Тарас Воропаев — 59, Аспан Шүкенов — 86.

Жалпы есепте әлі де болса өзгеріс жоқ. Гиббонс Раян (Dimension) көш басын ешкімге берер емес. Екінші орында Камерон Байлей (Isowhey Sports) тұр. Үздік үштікті Альберто Чеччин (Trestina) қорытындылап тұр. «Vino-Astana motors» командасындағы ең үздік нәтиже Дмитрий Лукьяновқа тиесілі. Ол әзірше жалпы есепте 19-орында келе жатыр.

Сондай-ақ Дмиртий Лукьянов жалпы есепте азиялықтар арасында екінші орынға көтерілді. Осыған дейін ескерткеніміздей, «Vino-Astana motors» капитаны Евгений Гидич велоспорттан Қазақстан ұлттық құрамасының шақыртуымен Бахрейнде өтіп жатқан Азия чемпионатына кетіп қалды. Сол себепті жалпы есептегі «Азия үздігі» киетін ақ жейде екінші орында тұрған жапониялық Накане Хидетоға (Nippo-Vini Fantini) берілді. Тиісінше Лукьянов азиялықтар арасында екінші орынға көтерілді. Ол жапониялықтан 51 секундқа қалып келе жатыр.

6-кезең аяқталғаннан кейін «Vino-Astana motors» шабандозы Аспан Шүкеновпен тілдесіп көрген едік:

Аспан Шүкенов: Евгений Азия чемпионатына кетіп қалған соң бізге сәл қиындау болды. Не дегенмен де лидерсіз жұмыс істеу қиын. Бірақ әлі де болса бір этапты ұтып алғымыз келеді. Сол үшін спринттік жолда жақсы жүретін Дмитрий Лукьяновқа жұмыс жасаймыз. 

Малайзия турының 7-кезеңі Мелака мен Бандар Бару қалаларының арасындағы 148.8 шақырымдық таулы аймақта өтеді.

Мағжан Бейсен, Муардан (Малайзия)

 

Сондай-ақ

БОБЫРЖАН МОМЫНОВ САЛМАҚ ӨЛШЕУДЕН СӘТТІ ӨТТІ

  Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. 11 наурызда Флоридада (АҚШ) …