Басты бет / Велоспорт / TOUR OF LANGKAWI. «VINO-ASTANA MOTORS» — АЗИЯ ҮЗДІГІ

TOUR OF LANGKAWI. «VINO-ASTANA MOTORS» — АЗИЯ ҮЗДІГІ

Сегіз этапқа созылған Малайзиядағы «Tour Of  Langkawi» велокөпкүндігі аяқталды. Сетиавангса мен Путраджая Лооп қалаларынының арасын жалғаған 121 шақырымдық соңғы этапты Травис Мккабе жеңіп алды (UnitedHealthcare Pro Cycling Team)

Негізінен барлық жарыста соңғы этапты «мереклік» кезеңге бағалап, спортшылар көп күш жұмсамайтын. Дегемен биылғы Малайзия туры өте тартысты аяқталды. Кезең басы 240 және 330 метрлік екі таулы аймақтан басталған. Осы аймақты бағындырар кезде алдыға ұзап кеткен 41 шабандоз кезең аяқталғанша пелотонға жеткізбеді. Лидер топтың қатарында «Vino-Astana motors» шабандозы Дмитрий Лукьянова та болған. Тартысты өткен соңғы этапты осы жарыстағы үздік спринтерлердің бірі Травис Мккабе жеңіп алды. Екінші болып Антони Джакоппо (IsoWhey Sports SwissWellness team) келді. Үздік үштікті Рикардо Стакчиотти (Nippo — Vini Fantini) қорытындылады. Ал қазақстандық спортшы Дмитрий Лукьянов лидер топпен жүрсе де, мәреге тек 28-болып келді.

Пелотонда қалып қойған «Vino-Astana motors» командасының өзге де шабандоздары мынадай нәтиже көрсетті: Степан Астафьев — 70, Влассенко Сергей — 71, Воропаев Тарас — 73, Аспан Шүкенов — 79. Ал, қытайлық «Keyi Look Cycling» командасының капитаны Мақсат Аязбаев соңғы кезеңді 69-болып аяқтады.

2017 жылғы «Tour Of Langkawi» жарысының жалпы есептегі үздігі Раян Гиббонс (Dimension) атанды. Одан 33 секундқа қалып қойған Камерон Байлей (IsoWhey Sports SwissWellness) жалпы есепте екінші орын алды. Үздік үштікті Альберто Кечин (Wilier Triestina) қорытындылады. «Vino-Astana mototrs» сапынан жалпы есептегі ең үздік нәтижені Дмитрий Лукьянов көрсетті. Ол Гиббонстан 2 минут 7 секундқа қалып, 17-орын алды.  Өзге де қазақстандық спортшылардың жалпы есептегі нәтижесі: Сергей Влассенко — 37, Степан Астафьев — 61, Тарас Воропаев — 66, Аспан Шүкенов — 89. Ал Мақстан Аязбаевтың қытайлық команда сапындағы алғашқы жарысы жалпы есепте 62-орынмен аяқталды.

Дегенмен қазақстандықтар бұл жарыстан жүлдесіз кетпеді. Жалпы есепте тек азиялық спортшылардың арасында Дмитрий Лукьянов екінші орын алды. Ол «Азия үздігі» жапониялық Хидето Наканеға жалпы есепте 51 секунд жеңіліп қалды.

Одан бөлек қазақстандық команда бұл жарыста өздерінің Азия құрлығы бойынша үздік команда екенін дәлелдеді. Жалпы бұл жарысқа қатысқан 20 команданың, оның ішінде 11 азиялық команданың арасында «Vino-Astana motors» бірінші орын алды. Қазақстандық жігіттер үлкен басымдылықпен «Terengganu», «Malaysia National» секілді командаларды артқа қалдырды.

Мағжан Бейсен, Куала-Лумпурдан (Малайзия)

Сондай-ақ

БОБЫРЖАН МОМЫНОВ САЛМАҚ ӨЛШЕУДЕН СӘТТІ ӨТТІ

  Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. 11 наурызда Флоридада (АҚШ) …