Қытайлық Тайбэйде өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші алтын түсті.
Кезекті алтын жүлдені ауыр атлет Денис Уланов салды. 85 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 360 келі (165+200) келіні бағындырып, үздік шықты. Екінші орынды 364 келімен (170+194) армениялық Андраник Карапетян алса, үздік үштікті корей жігіті Жанг Юнг Хак (354=163+191) алды.
Бұл алтын жүлдеден кейін Қазақстан құрамасы 9 жүлдемен (3 алтын, 1 күміс және 5 қола) жалпыкомандалық есепте тоғызыншы орынға көтерілді.