Тайпейде өтіп жатқан Универсиада ойындарында ауыр атлет Альберт Линдер Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды.
69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен спортшымыз бастапқыда 148 келі көтеріп, кореялық ауыратлетке есе жіберген (153 келі). Дегенмен жұлқа көтеруде Линдер қарсыласынан асып қана қоймай, Универсиаданың екі рекордын орнатты.
Бастапқыда ол 180 келіні көтерді, ал екіншісінде — 185 келі. Қоссайыс қорытындысы бойынша қазақстандық споршы 333 келіні еңсерді.