Қазақстандық ауыр атлет Айдар Қазов Универсиада ойындарының чемпионы атанды.
Отандасымыз 77 келі салмақта қос сайыс қорытындысы бойынша 331 (145+186) келіні бағындырып бірінші орын алды. Екінші орынды Ресейлік Вячеслав Яркин 330 (150+180), үшінші орынды Канадалық Веллемарре Алекс 316 (147+169) иеленді.
Естеріңізге сала кетейік, Универсиада ойындарындағы алғашқы алтынды тағы бір ауыр атлет Алберт Линдер еншілеген болатын.