Тайпей елінде жазғы Универсиада ойындары жалғасуда. Жарыстың төртінші күні ауыр алтетіміз Корина Горичева күміс жүлдегер атанды.
Әйелдер арасында 69 келі салмақта сынға түскен отандасымыз жарыс қожайыны, Тайпейлік Хун Уанг-Тиннен 227 (101+126) 1 келі қалып қойды.
Карина алғашқы жұлқа көтеру бәсекесінде Тайпейліктен жеті келі артық көтерген болатын. Дегенмен, серпе көтерудегі екі бірдей сәтсіз мүмкіндігі оның алтын алуына себепші болды. Үшінші орынды Солтүстік Корея спортшы еншіледі.
Айта кету керек, Қазақстандық ауыр атлеттер Универсиада ойындарында 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль еншілеп үлгерді.