Швецияның Остерсунд қаласында биатлоннан Әлем кубогының алғашқы кезеңі өтуде. Қарашаның 29-ы күні әйелдер 15 шақырымдық жекелей жарыста сынға түсті.
Аталған жарыста ел намысын Галина Вишневская, Дарья Климина, Алина Райкова, Ольга Полторанина, Анастасия Кондратьева қорғады. 15 шақырымдық жарыстың қорытындысында отандастарымыз арасында ең жоғарғы көрсеткішке Галина Вишневская жетті. Ол 4 ату айлағында 1 қате жасап 20-орынға ие болды. Өзге жерлестеріміз Ольга Полторанина 30, Алина Райкова — 70, Дарья Климина — 82, Ансастасия Кондратьева 95-орындарға жайғасты.
Естеріңізге сала кетсек жарыстың алғашқы күні аралас микст сайысында Мксим Браун мен Галина Вишневская 3-орынға ие болып отандық биталон тарихындағы үлкен нәтижеге қол жеткізген болатын. Бүгін ерлер 20 шақырымдық жекелей жарыста сынға түседі.
Остерсунд. 15 шақырымдық жекелей жарыс. Әйелдер
1. Надежда Скардино (Беларусь) — 42:57.4 (0 қате)
2. Синове Сулемдаль (Норвегия) +2.9 (0)
3. Юлия Джима (Украина) + 12.0 (0)
…
20. Галина Вишневская (Қазақстан) + 2:13.9 (1)
34. Ольга Полторанина (Қазақстан) + 3:09.1 (1)
70. Алина Райкова (Қазақстан) + 6:08.7 (3)
82. Дарья Климина (Қазақстан) + 7:04.4 (5)
95. Анастасия Кондратьева (Қазақстан) + 9:20.6 (5)