Басты бет / Басқа түрлер / ҚАЗАҚ АРУЛАРЫ ГРАН-ПРИ КЕЗЕҢІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ

ҚАЗАҚ АРУЛАРЫ ГРАН-ПРИ КЕЗЕҢІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ

Волейболдан әйелдер арасындағы Гран при турнирінің екінші кезеңі бүгін, 16 шілде күні Алматы қаласында Балуан Шолақ спорт сарайында өз мәресіне жетті. Кезең қортындысы бойынша турнирдің соңғы күнінде колумбиялық волейболшыларды үш сетте жеңген Германия құрамасының арулары жеңісті тойлады. Өз кезегінде Қазақстан құрамасының волейболшылары төрт сетте хорват аруларын ұтып, алғашқы жеңіске қол жеткізді.

Ойын алдындағы баспасөз жиынында Колумбия құрамасының бас бапкері Антониу Ризола Нету командасының қатты шаршағандығын және қалған күшті оңтүстік америкалық волейболшыларға сақтап қалғандығын атап айтқан болатын. Германия және Колумбия құрамалары арасындағы тартыс үш сетпен аяқталып, неміс волейболшылары Алматыдағы турнир кезеңінде жүз пайыздық нәтиже тіркеді. Алғашқы екі сетті Германия құрамасы 25:16 есебімен оңай әрі тез ұтты. Үшінші сетте неміс қыздарының босаңсығанын пайдаланған колумбиялықтар ойынға қарқын қосып, сет соңына дейін талас жүргізді, бірақ жеңіс 25:23 есебімен немістердің еншісіне жазылды.

Алматыдағы турнирдің кезеңі және ойын күні Қазақстан және Хорватия құрамалары арасындағы матчпен толық аяқталды. Алаң иелері, яғни қазақ арулары үшін бұл матч принципті түрде өтті: жұма және сенбі күндердегі жеңілістерден кейін, әрине, алғашқы жеңіске жетіп, жанкүйерлерді қуанту керек болатын. Алғашқы екі сетте қарсыластар бір-бір сеттен 25:22 есебімен өз еншілеріне жазды. Ойынның тағдырын үшінші сет шешіп берді. Қазақстан құрамасы үшінші сеттің басынан үлкен басымдықпен алда болып, сетті 25:20 есебімен жеңіп кетті. Хорват волейболшы арулары төртінші сетте моральды түрде жүйкелері сыр беріп, Вячеслав Шапран шәкірттері сенімді түрде 25:15 есебімен ойынға нүкте қойды.

Алматыдағы Гран при кезеңінің жеңімпазы 9 ұпай еншілеген Германия құрамасы атанса, Колумияда — 6 ұпай, Қазақстан құрамасында — 3 ұпай және Хорватияда ұпай жоқ.

Хорватиямен өткен ойында жеңіске жеткен Қазақстан құрамасы үш ұпай иеленді және еншілеген ұпай көрсеткіштері екінші топта ондыққа кіруге мүмкіндік берді. Енді Қазақстан құрамасы 21 және 23 шілде аралығында Оңтүстік Кореяда өтетін әлемдік Гран придің үшінші кезеңіне аттанады. Қазақстандықтардың қарсыластары Оңтүстік Корея, Колубия және Польша құрамалары болмақ.

sportportal.kz

Сондай-ақ

МЕССИ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ҚҰРАМАЛАР ЖАЙЛЫ ӨЗ ОЙЫН АЙТТЫ

Аргентина ұлттық құрамасының және «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси алдағы әлем біріншілігінде топ жарып шығуы …