5 тамызда елордада Қалалық шаңғы роллері жолында (Орталық саябақта) шаңғы роллерінен жарыстар өтеді. Оған Қазақстанның қазіргі уақытта жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар спортшыларымен қатар жас және ардагер шаңғышылар қатысады.
Астанада кезекті рет салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық сайыстар өткізілуде. Шаңғы роллерінен Астанакубогы шаңғы спортын дәріптеуді, жастардың шаңғы жарысымен айналысуын көздеп, азаматтарды белсенді салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.
Елордада 4-5 тамызда Орталық саябақта Шаңғы роллерінен Астана ашық кубогы өтеді. Онда еліміздің мықты спортшылары, Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшелері, ересек спортшылар қатарындағы ерлер мен әйелдер (негізгі топ I спорт дәрежесінен төмен емес), сондай-ақ ардагерлер, орта және ересек жастағы жасөспірімдер мен қыздар қатысып, бақтарын сынамақ. Кубокқа қатысу үшін өтінім беріп, тіркелу қажет.
Аталмыш Кубокты «Қазақстан Шаңғы жарысының ұлттық федерациясы» ҚБ «Samruk Kazyna Trust» Қорының, Астана әкімдігі мен «SKI CLUB ASTANA» шаңғы клубының қолдауымен ұйымдастырып отыр.
Жарыстың басталуы: сағат 11:00-де
Өткізілу орны: Қалалық шаңғы- роллер тас жолы (Орталық саябақ)