Басты бет / Қысқы спорт / ЕЛОРДАДА ШАҢҒЫ РОЛЛЕРІНЕН АСТАНА АШЫҚ КУБОГЫ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ЕЛОРДАДА ШАҢҒЫ РОЛЛЕРІНЕН АСТАНА АШЫҚ КУБОГЫ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

5 тамызда Қалалық шаңғы роллері тас жолында (Орталық саябақ) шаңғы роллерінен жарыстар өз мәресіне жетті. Оған Қазақстанның қазіргі уақытта жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар спортшылары, шаңғы жарысынан Қазақстан Ұлттық құрама мүшелері, жас және ардагер шаңғышылар қатысты.

Дәстүрлі түрде өткізілетін шаңғы роллерінен Астана ашық кубогы шаңғы спортын дәріптеуді, жастардың шаңғы жарысымен айналысуын көздеп, азаматтарды белсенді салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

5 тамызда Орталық саябақта әр жастағы 200-ден астам спортшы шаңғы роллерінен Астана ашық кубогына қатысып бақтарын сынады. Олардың қатарында егде жастағы спортшылармен қатар жасөспірімдер мен қыздар, Қазақстан Ұлттық құрама мүшелері болды.

Аталмыш жарыста ардагер спортшыларымыз ептілік, икемділік жағынан жастармен бір деңгейде бақ сынасып, көрермендерді тәнті етті.

Ардагер ерлер арасында бірінші орынды — астаналық спортшы Андрей Головко, екінші орынды — Көкшетау қаласынан келген Владимир Белов иеленсе, үшінші орынды бұл санатта ең егде спортшы танылған Қостанай облысының 67 жастағы ардагері Николай Хрипунов қанжығасына байлады.

Ардагер әйел спортшылар арасында Светлана Батяйкина бірінші орыннан көрінсе, өмірінің жарты ғасыр уақытын шаңғы жарысына арнаған 68 жастағы Наталья Игоревна Пупышева екінші орынды иеленді.

1997 жылы туылған және одан жоғары жастағы ерлер санатында Ұлттық құрама команда мүшелері қатысқандықтан жарыс қызу тартысқа толы болды. Алғашқы болып мәреге Қостанай обылысының спортшысы Виталий Пухкало жетсе, екінші орынды Олжас Климин иеленіп, үшінші орынды Константин Борцов қанжығасына байлады. Айта кетсек, жарысқа Николай Чеботько, Ринат Мухин және  Дәулет Рахымбаев сынды спортшылар да атсалысты.

1997 жылы туылған және одан жоғары жастағы әйелдер арасында бірінші орынды көкшетаулық спортшы — Валерия Тюленева, екінші орынды — Ирина Быкова, ал үшінші орынды Эльмира Мұтағарова иеленді.

1998-1999 жылы туылған бозбалалар арасында алматылық спортшы Александр Воробьев үздік танылса, екінші орынды — Александр Мухин, ал үшінші орынды — Иван Люфт иеленді. Осы санаттағы қыздар арасында алғашқы болып мәре сызығын Гүлсина Қадырова кессе, Ксения Шалыгина –екінші орынды,  Анжелика Тарасова үшінші орынды иеленді.

2000-2001 жылы туылған жасөспірімдер санатында көкшетаулық Никита Гридин — бірінші орынды, Әлкен Бұрынғазов – екінші орынды, ал Святослав Матасов үшінші орыннан көрінді. Аталған санатта қыздар арасында бірінші орынды  — Анастасия Хмельницкая, екінші орынды — Мария Люфт, үшінші орынды Елизавета Селезнева қанжығасына байлады.

Соңғы 2002-2003 жылы туылған жасөспірімдер санатында алғашқы болып мәреге  Вадим Куралес жетсе, екінші орынды — Данил Червенко, үшінші орынды Ернұр Бексұлтан иеленді. Осы жастағы қыздар арасында Қостанай облысының жас спортшысы Валерия Батченко бірінші болса, екінші орынды — Ксения Шевчук, ал Ксения Сорокина үшінші орынна көріне білді.

Аталмыш кубок жеңімпаздарды салтанатты түрде медальдар, дипломдар және естелік сыйлықтармен марапаттау рәсімімен аяқталды.

Сондай-ақ, барлық бапкерлер, шаңғышылар және Қазақстан шаңғы жарысының ұлттық федерациясы басшылығы аталған Федерацияның  бірінші вице-президенті Никита Сергеевич Девяткинді туған күнімен құттықтады!

Аталмыш Кубокты «Қазақстан Шаңғы жарысының ұлттық федерациясы» ҚБ  «Samruk Kazyna Trust» Қорының, Астана әкімдігі мен «SKI CLUB ASTANA» шаңғы клубының қолдауымен ұйымдастырды

Сондай-ақ

ОЛЬГА РЫПАКОВА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Ольга Рыпакова Лондонда өтіп жатқан ХVІ әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Алтын Венесуэлаға, күміс …