Павлодарда жасөспірімдер мен қыздар арасында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты мәресіне жетті. Жарысқа Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының жас шаңғышылары қатысып, күш сынасты.
10-15 тамыз аралығында Павлодарда шаңғы жарысынан жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтті.
Жарысқа 10 мен 17 жас аралығындағы спортшылар қатысты.
2000-2001 ж.ж. жасөспірімдер тобында 4,5 шақырымдық жарыстаШҚО-лық Еламан Көжебек тартысқа түсіп, бірінші орынды қанжығасына байласа, екінші орынды Владислав Киреев (Қарағанды облысы) жеңіп алды. Ал үшінші орынды — Дәуіт Таласпай (Ақмола облысы) иеленді.
14-15 жастағы жасөспірімдер арасында 3 шақырымдық жарыста Ернұр Бексұлтан мәреге алғаш болып жетсе, Әмір Әбдуахитов екінші орыннан көрініп, Максим Анищенко үшінші орынға тұрақтады.
2000-2001 жж. қыздар арасында 3 шақырымдық жарыста Павлодар облысының спортшысы Екатерина Ланглиц бірінші орынды, екінші орынды осы облыстыңтағы бір өкілі Алина Штрауб қанжығаларына байласа, үшінші орынды Ақмола облысынан Анастасия Ольхова иеленді.
2002-2003 жж. қыздар арасында ШҚО-лық Ирина Тятова 3 шақырымдық жарыста бірінші орынға шықса, екінші және үшінші орындар – Екатерина Иванова мен Регина Попованың еншісіне бұйырды.
2004 ж. жасөспірімдер тобында қарағандылық Иван Кузнецов бірінші келсе, екінші орынды – Денис Хватов, үшінші орынды – Михаил Вернер жеңіп алды. Осы жастағы қыздар арасында бірінші орынды – Әсем Жұмағазиева иеленіп, қарсыластарын шаң қаптырса, екінші орынды – Мария Геращенко, үшінші орынды Елизавета Толмачева жеңіп алды.
Жарыстың екінші күні конькилік стильмен 5 шақырымдық қашықтықта сынға түсуде 16-17 жастағы қыздар арасында Валентина Казанцева озып шығып, бірінші орынды иленеді. Екінші болып – Екатерина Ланглиц көзге түссе, үшінші орынды Кристина Ферафонтова қанжығасына байлады. Ұлдар арасында бірінші орынды – Владислав Киреев, екінші – Святослав Матасов, үшінші орынды Егор Зуев еншіледі.
2002-2003 жж. қыздар арасында ШҚО-лық Алина Потоцкая озық шығып, бірінші орыннан көрінсе, екінші орынды Анастасия Ротова иеленіп, Ксения Шевчук үшінші орынға тұрақтады. Осы жастағы жасөспірімдер арасында Дидар Қасенов мәреге алғашқы болып жетіп қарсыластарын шаң қаптырса, екінші болып Вадим Куралес мәре сызығын кесті, ал үшінші орынды Максим Анищенко иеленді.
Классикалық стильмен 10 шақырымдық жарыста 16-17 жастағы жасөспірімдер арасында Михаил Неруш жеңіске жетті. Екінші орынды — Егор Зуев, үшінші орынды Святослав Матасов қанжығасына байлады.
14-15 жастағы қыздар арасында 4 шақырымдық жарыста Алина Полоцкая жеңімпаз атанды. Екінші болып мәреге Ксения Сорокина жетсе, Ирина Тятова көшбасшылар үштігін тұйықтады. 6 шақырымдық жарыста ұлдар арасында Дидар Қасенов мәреге бірінші жетсе, Максим Анищенко – екінші, Ернұр Бексұлтан үшінші орынға тұрақтады.
2004 жылы туылған қыздар арасында 3 шақырымдық жарыста Мария Геращенко – бірінші орынды, Салтанат Бердібаева – екінші орынды, Асем Жұмағазиев үшінші орынды иеленеді. Осы жастағы жасөспірімдер арасында Илья Шерстнев бірінші орыннан, Мансұр Айғырбаев екінші орыннан, Никита Афанасов үшінші орыннан көрінді.
Дәстүрлі түрде өткізілетін жазғы жарыстардың мақсаты шаңғы спортын насихаттау, спортшыларды шаңғы жарысына баулу.