Тайланд елінің Бангкок қаласында күрес түрлері бойынша жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтуде.
Сары құрлық бәсекесінде грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы жалпы есепте екінеші орын алды. Спортшыларымыз тек Иран балуандарына есе жіберді.
4 алтын, 1 күміс және 2 қола — бұл еркін күрес шеберлерінің нәтижесі. Жарыстың екінші күні Оралхан Мырзабаев 58 келі салмақта чемпион атанды. Ол ақтық сында Иран балуанын тізе бүктірді. Дінмұхамед Қошқар (50 кг) пен Леонид Проскурович (69 кг) қола жүлде иеленді.
Қыздар құрамасы Жапония, Үндістан және Моңғолия мемлекеттерінен кейін төртінші орынға тұрақтады.
Қыздар арасындағы бәсекеде балуандарымыз үш күміс медаль еншіледі: Марал Тәңірбергенова (38 кг), Аяжан Марқашева (43 кг) және Альбина Қайыргелдинова (65 кг). Одан бөлек 40 келі салмақта Айдана Сұлтанова қола медальға қол жеткізді.
Еркін күрестер алғашқы бәсекелер кеше өткен болатын.
Әзірге 50 келі салмақта белдесетін Ақбар Құрбановтың еншісінде күміс жүлде бар. ОЛ финалда Оңтүстік Корея елінің балуанына есе жіберді. 58 келіде Дәулет Тәжібай қола медаль иеленді. Бүгін басқа да салмақтардың үздіктері анықталатын болады.