Польша төрінде грек-рим (Пытлясинский), еркін (Циолковский) және әйелдер күресінен (Poland open) халықаралық жарыстары өтуде.
Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев (57 келі) еркін күрестен Циолковский мемориалының жеңімпазы атанды. Финалдық кездесуде Нұрислам жерлесіміз Жандос Исмаиловты ұтты. Дәл осы салмақта тағы бір отандасымыз Ғабит Төлепбай қола жүлдегер атанды.
74 келіде ел намысын қорғаған Жігер Закиров күміс медалдьды қанағат тұтты. Ақтық сында Жігер Беларусь балуаны Али Шабановтан ұтылды.
Сонымен қатар, Саятбек Оқасов (61 кг), Азамат Даулетбеков (86 кг) және Іңкәр Ермұхамбет (125 кг) қола жүлдені жеңіп алды.
Ал әйелдер күресінен «Poland Open» жарысында Аяулым Қасымова (60 кг) мен Гульмарал Еркебаева (75 кг) қола медаль иеленді.
prosports.kz