Бүгін WSOF біріншілігі өзінің 35-ші турнирінде өнер көрсететін жауынгерлердің тізімін шығарды. Өкінішке орай, Арман Оспанов пен Стивен Родригез арасындағы жекпе-жек бұл «fightcard-қа» енбеді.
Себебін WSOF басшысы Рей Сефо Insta-парақшасында жариялады.
«Менің назарыма Арман Оспановтың бұдан 1 жыл бұрын допингпен ұсталғаны туралы ақпарат жеткізілді. Арман 4 жылға спорттан шеттетілген, сол себептен онымен келісім-шартымызды бұзуға тура келді», — деп жазды Рей Сефо.
Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың қараша айында Арман Оспанов Марокко елінде өткен əскери самбодан əлем біріншілігін қатарынан үшінші рет ұтты. 2016 жылдың жазында FIAS анти-допингтік агенттігі Арманның қанында допинг табылғанын жариялап, жауынгерімізді спорттан 4 жылға (2019 жылдың 4 желтоқсанына дейін) шеттетті.