9 қыркүйек күні Астана қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығатын қазақстандық боксшы Жанхош Тұраровтың қарсыласы белгілі болды.
Қазақстандық боксшының қарсыласы аргентиналық Бруно Леонардо Ромэ болады. Ол кәсіпқой бокс шаршы алаңында 25 кездесу өткізіп, 21 кездесуінде жеңіске жеткен. Соңғы рет 29 жастағы аргентинкалық боксшы шаршы алаңға 14 мамыр күні шығып, отандасы Алехандро Кухорскиді нокаутпен жеңген.
Жанхош Тұраров болса кәсіпқой бокста 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 15 кездесуінде отандасымыз қарсыласын нокаутқа түсірген.
Айта кетейік, Жанхош Тұраров пен Бруно Леонардо Ромэ арасындағы кездесу 10 раундқа жоспарланып отыр.