2017 жылғы бүкіләлемдік жазғы Универсиада ойындарын Қытайдың Тайбэйінде 19-30 тамыз аралығында өтеді. Студенттер ойынына жеңіл атлеттер де қатысады.
Универсиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы мынадай:
Ерлер
1. Дмитрий Коблов – 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, 4х400 метрге эстафеталық жүгіру
2. Владислав Земс – 100 метрге жүгіру, 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру
3. Андрей Соколов – 400 метрге жүгіру, 4х400 метрге эстафеталық жүгіру
4. Михаил Литвин – 400 метрге жүгіру, 4х400 метрге эстафеталық жүгіру
5. Георгий Шейко – спорттық жүріс
6. Роман Лошкарев – биіктікке секіру
7. Игорь Кондратьев – 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, 4х400 метрге эстафеталық жүгіру
8. Никита Филиппов – сырықпен секіру
9. Сергей Григорьев – сырықпен секіру
10. Владислав Григорьев – 100 және 200 метрге жүгіру
11. Иван Иванов – ядро серпу
12. Михаил Красилов – жартылай марафон
13. Иманмәди Құсманов – 800 метрге жүгіру
Әйелдер:
1. Виктория Зябкина – 100 және 200 метрге жүгіру, 4х100 метрге эстафеталық жүгіру
2. Ольга Сафронова –100 және 200 метрге жүгіру, 4х100 эстафеталық жүгіру
3. Рима Кашафутдинова – 100 метрге жүгіру, 4х100 эстафеталық жүгіру
4. Светлана Голендова – 100 метрге жүгіру, 4х100 эстафеталық жүгіру
5. Мария Овчинникова – үш қарғып және ұзындыққа секіру
6. Екатерина Эктова – үш қарғып және ұзындыққа секіру
7. Элина Михина – 400 метрге жүгіру
8. Әйгерім Шыназбекова – 100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, 4х100 метрге эстафеталық жүгіру
9. Орынгүл Зкриенова – 100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру
10. Варвара Назарова – найза лақтыру
11. Диана Нүсіпбекова – балға лақтыру
12. Полина Репина – спорттық жүріс
Айта кетейік, 2015 жылғы жазғы Универсиада ойындарында қазақстандық жеңіл атлеттер 4 алтын жеңіп алған болатын. Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында Виктория Зябкина 100 және 200 метрге жүгіруден, Никита Филиппов сырықпен секіруден және 4х100 метрге эстафеталық жүгіруден әйелдер құрамасы жеңіске жеткен еді.