Атырау спортындағы тың серпіліс пен жаңа қадам!
Тәуелсіздігі тұғырлы, бәсекеге қабілетті мемлекет құру мақсатында бұқаралық спортты дамыту, ел тұрғындарының спорттық белсенділігін көтеру, өміршендігін қамтамасыз ету бағытында Атырау облысыныда ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.
Оған дәлел, 25 желтоқсан күні Атырау Салтанат сарайында өткен бұрын-соңды болмаған «спортшылар балы». Жыл бойы жасалған жұмыстың қорытындысы айтылып, үздіктер марапатталды.
Атырау облысы үшін биылғы жыл өте табысты өтті. Негізгі нәтиже Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиада ойындарындағы Нижат Рахимовтың алтын жүлдесі. Төрт жылдықтың дүбірлі додасында көк туымызды көтеріп, әнұранымызды шырқатқан ауыр атлеттің жеңісі қымбат екені анық.
Мерекелік шарада алғаш болып сөз алған Атырау облысының әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлы спортшыларды биылғы табыстарымен құттықтады:
«Атырау облысындағы спорттың дамуы жақсы жолға қойылған. Биылдың өзінде бірнеше ғимараттар салынды. Жақында ғана Нұрсаяда үлкен теннис ғимараты бой көтерді. Келер жылы облыс үшін маңызы зор спорт интернатының құрылысы басталмақ.
«Ата-бабамыз балаларды кішкентайынан отан қорғауға тәрбиеленген. Тек ерлер ғана емес әйелдер де елі үшін жанын беруге дайын болған. Тарихқа көз жүгіртсек Тұмар ханшайым бастаған әйелдер адамдар садақ атуға ыңғайлы болу үшін бір жақ омырауларын күйдірген көрінеді. Осындай қайсар елдің ұрпағы болғанымызды мақтан тұтамыз. Бүгінде сол сара жолдың жалғасы ретінде қыздарымызда ел намысын, қала берді облыс намысын абыроймен қорғап жүр.
Шет елдерде мемлекеттің туы көтеріліп, ән ұраны шырқалуы екі жағдайда ғана жүзеге асады. Бірі ел басшысы іс-сапармен келегенде, бірі спортшылардың дүбірлі додада жеңіске жеткен кезінде. Сондықтан да ел намысын қорғап шығу қаншалықты маңызға толы, жауапты іс екені айтпаса да түсінікті. Ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарыңыз берекелі болғай. Келер жылы одан да жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріңізге тілектеспін», — деді облыс басшысы.
2016 жыл қорытындысы бойынша төмендегі спорт мамандары Нұрлан Асқарұлының қолынан төс белгілерін алды:
«Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен:
Өтелбаев Жалғас Шәріпұлы — «Атырау» спорт кешенінің директоры, еркін күрестен спорт ардагері.
Нәсиев Амангелді Айбатұлы — футболдан спорт ардагері, Аймақтық дене тәрбиесі мен спортты дамыту орталығының «Алғашқы әскери дайындық» кабинеті жетекшісі.
Қасанғалиев Сүндеткерей Құбайұлы — Атырау қаласындағы 2-ші балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, кмкбокстан спорт ардгері.
«Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен:
Аралбаев Алпысбай Сейітқалиұлы — Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, самбо күресінен спор ардагері.
Рахман Айбат Жүсіпәліұлы — облыста шығыс жекпе-жек түрлері карате-до, муай-тай мектебінің негізін қалауш.
Бермешев Адик Әкімжанұлы — бокстан Олимпиадалық резерв даярлау орталығынң жаттықтырушысы.
Одан бөлек Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекетке Қазақстан Республикасы Спорт Министрлігінің алғыс хаты тыбыс етілді.
Спорты дамытуға, қазақстандық спорттың имиджін бекітуге сіңірген еңбегі үшін бір топ азаматтар Атырау облсы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды:
Пазылғалиев Есенгелді Серікқалиұлы — жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары. Щербаков Георгий Георгиевич — «Бейбарыс-Атырау» хоккейден облыстың мамандандырылған спорттық клубы директоры. Тайжанова Бимырза Амангелдіұлы — 1-ші балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры. Тахауов Бауыржан Бақытұлы — параволейболдан ҚР құрама командасының бас бапкері. Қисметов Рүстем Ғиниятұлы — 4-ші балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры. Кенешова Алима Елеусізқызы — облысық олимпиадалық резерв даярлау орталығының бас есепшісі. Бекболатов Таңатар Бақтыгерейұлы — «Бейбарыс» хоккей командасының менеджері. Скрипец Эдуард Богданович — «Атырау барыстары» командасының жаттықтыушысы. Кушалиев Бекежан Нұроллаұлы — «Атырау спорт кешені директорының орынбасары. Қабдрахиев Болат Хилимұлы — облыстық «Атырау» волейбол командасының директоры. Галиева Ирина Кеңесқызы — облыстық «Атырау футбол командасы» ЖШС базасының әкімшісі. Ақынбаев Бауыржан — су спорты түрлері бойынша облыстық клубының директорының орынбасары. Жанбалаев Асланбек Өнербайұлы — ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық клуб директорының орынбасары. Меңдіғаиева Жаңылсын Жеңісқалиқызы — дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкері. Тулеуова Нұржауған Оразқызы, Сағынғалиев манжол Сағынғалиұлы, Қоспанов Дастанбек Қайыржанұлы — дене шынықтыру және спорт басқармасының бас мамандары.
Атыраулық спортшыларға әлемдік додаларда топ жарып жүрген Серік Сәпиев, Данияр Елеусінов, Елдос Сметов, Денис Тен, Василий Левит, Қанат Ислам, Ольга Рыпакова секілді спортшылар үлкен монитор арқылы құттықтау тілектерін жеткізді. Әлем спортының Рой Джонс, Хабиб Нұрмағамбетов секілді жұлдыздары да бейне құттықтауын жолдады.
Кеш қонақтар асыға күткен «жыл үздіктері» аталымы бойынша марапатты облыс әкімі жүргізді.
«Жыл спортшысы» номинациясы бойынша жеңімпаз болып дзюдо күресінен 23 жасқа дейінгі ҚР жеңімпазы, дзюдодан әйелдер арасында ҚР чемпионатының күміс жүлдегері, самбодан жастар арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпазы, самбо күресінен жастар арасында әлем чемпионы, 2016 жылғы дзюдо күресінен, самбо күресінен және қазақ күресінен ҚР-ның спорт шебері атақтарына ие болған — Самиғоллаева Эльмира Самиғоллақызы танылды.
«Жыл жаттықтырушысы» номинациясы бойынша кикбоксингтен облыстың аға жаттықтырушысы, 2016 жылы Ирландия елінде жастар арасында өткен Әлем чемпионатында шәкірті Сәлімгереев Жанәлі күміс жүлдегер, Сәлімгереев Сәлімжан мен Шамболв Аян қола жүлдегер атанды. Венгрия елінде ересектер арасында өткен Әлем кубогының иегері Өтемісов Азаматты, ересектер арасында ҚР Кубогының иегері Назарбеков Жандосты, ересектер арасында мықтылар турнирінің жеңімпазы Дюсупов Абзалды тәрбиелеп шығарған — Юсупов Данияр Сайлыбайұлы үздік шықты.
«Үздік федерация» атағын Атырау облыстық таеквондо және самбо федерациясы иеленді. Бұл федерация жыл көлемінде көптеген Халықаралық және Республикалық турнирлерін өткізіп, облыстағы спорттың жанжануына үлесін қосты. Облыс көлемінде алғаш рет өткізілген ұлттық спор түрі — Көкпар жарысының қолдаушысы болып, зор көмегін көрсетті.
«Үздік аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» болып Құрманғазы ауданы , «Үздік команда» болып «Атырау барыстары» спорттың ойын түрлері бойынша облыстық командасы танылды. «Үздік ардагер» атағын Өскемен қаласында өткен ардагерлер арасындағы ҚР-ның 4-ші Спартакиядасында қазақ күресінен чемпион атанған Көшенов Марал Бисекешұлы иеленді. «Үздік спорттық тілші» — Марат Сұлтанғалиев — бысылым беттерінде оьлысымыздың спорт тынысы туралы сан мақалалар жариялап, дене тәрбиесі мен спорттың бұқаралық сипат алуына, облыс спортының дамуына үлес қосып келе жатқан қаламгер. «Үздік спорт жаңалықтарының шолушысы» номинациясы бойынша Шайхиев Ілияс Мұфтоллаұлы (бұл мен, өздеріңіздің адал қызметкерлеріңіз) марапатталды.
«Жыл серпілісі» номинациясы бойынша мүгедектер спорттық клубының суда жүзу бөлімінің спортшысы, Германия елінде өткен Халықаралық турнирдің жеңімпазы, Қазақстан чемпионаты бойынша үш бірдей қашықтықтағы ел рекордшысы Сәлімгереев Ержан Ермекқалиұлы үздік деп танылды.
«Үміт артар спортшы» номинациясын грек-рим күресінен жастар арасында Франция елінде өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жастар арасында Тайпей елінде өткен Азия чемпионатының жеңімпазы Қисметов Қаһарман Айдынғалиұлы иеленді.
Республика бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жасақталып салынып жұмыс жасап отырған жалғыз спорт кешені Атырау облысында орналасқан. Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында облыстық деңгейде спорттық шаралар көптеп өткізіліп, мүгедек жандарды спортқа тарту жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Облысымызда алты ауданда өкілдіктер ашып, үлкен жұмыс атқарып отырған Мүгедектер спорт клубы «үздік спорттық ұйым» атағына ие болды.
Қазақтың қай ауылына барсаңыз да спортқа жанашырлық танытып жүрген ел азаматтары аз емес. Жастар бос уақыттарын мағынасыз өткізбесін, салауатты өмір салтын ұстансын деген ниетпен азаматтық парызы ретінде адамгершілік тұрғыда моралді және қаржылай қолдау көрсетіп жүрген демеуші, кәсіпкер. Жылой ауданы, Шоқпартоғай ауылында өз қаржысына спорттық зал салып берген Балжігітов Бағытжан Қапанұлы «Спорт жанашыры» номинациясы бойынша марапатталды.
Одан бөлек облыс спорты дамуына үлесін қосып жүрген бірнеше азаматтар Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бауыржанұлы Бекеттің алғыс хаттарымен марапатталды.
Спортшылар балына арнай Республикамызға белгілі «Сағыз КВН құрамасы келіп өз өнерлерін көрсетті. Қазақ эстрадасының жұлдыздары Меломен тобы мен Ғаділбек Жанай да Атыраулық спортшыларды жылды сәтті аяқтауымен құттықтады.
Қорыта келгенде, соңғы жылдары Атырау спорты жаңа деңгейге көтеріліп, жаңа белестерді бағындыруда. Спорттың дамуы бұқаралық сипат алып, спортшыларымыз әлем ареналарында ел намысын абыроймен қорғап жүр. Дені сау ұрпақ ел ертеңі. Елім деген ерлер барда ел абыройы артып асқақтай бемек. Спортпен айналысайық, спортшыларға жанкүйер болайық!
Айтпақшы, әлемге әйгілі «Маникен Челлендж» Атырау спортшыларының балын айналып өте алмады.
Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бауыржанұлы Бекеттің бастамасымен өткен бұл естен кетпес спорт мерекесі Қазақстан бойынша екінші рет өткізіліп отыр. Бұрын Батыс Қазақстан облысында да Азамат Бауыржанұлының ұйымдастыруымен өткен. Бұндай балдар спорт саласындағы мамандардың басын біріктіріп, салауатты өмр салтын дәріптеудегі үлкен бастама деп білеміз.
Азамат Бауыржанұлы Атырау облысына келгелі бері Атырау спортының жағдай біраз жақсарып қалғаны жасырын емес. Қалаға Геннадий Головкин, Қанат Ислам кәсіпқой бокс жұлдыздары келіп, жас балаларға шеберлік сағатын өткізген болатын. Жаңа басшының бастамасымен келер жылы облыстағы тұңғыш спорт интернаты бой көтермек.