Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Ауыр атлетика / АУЫР АТЛЕТТЕР ТАҒДЫРЫ ЖЫЛ СОҢЫНДА ШЕШІЛЕДІ

АУЫР АТЛЕТТЕР ТАҒДЫРЫ ЖЫЛ СОҢЫНДА ШЕШІЛЕДІ

 

Қазақстандық ауыр атлеттердің допинг мәселесі жыл соңына қарай қалдырылды. Онымен бөлек басқа да жеті мемлекет спортшыларының мәселесі кейінге шегеріліп отыр.

IWF — Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Томаш Аян Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларуссия, Қытай, Молдова, Ресей, Түркия және Украина мемлекеттерін бір жылға жарыстардан шеттететінін айтқан болатын. Бұған себеп 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарында спортшылардың рұқсат етілмеген препараттарды қабылдауы болып отыр.

IWF әуел баста Қазақстан мен Беларуссия мемлекеттерін Рио Олимпиадасынан шеттеткісі келген. Бірақ олар Халықаралық Олимпиада Комитеті мен Жоғарғы төрелік сотынан рұқсат ала алмады. Нәтижесінде тек Ресей мен Болгария ауыр атлеттері ғана сайыстардан тыс қалды.

Бұл туралы Ресей  ауыр атлетика федерациясының атқарушы президенті Максим Агапитов өз пікірін білдірді:

— Дәл қазір жыл соңына дейін еш мемлекет шеттетілмейді деп анық айтуға болады. Себебі, соңғы жауапты ХОК мен ЖТС қарастырады. Шешім шыққанның өзінде тек Ресей емес, осындай тоғыз мемлекет бірден шеттетілмек. Сондықтан бұның бәрін талдауға ұзақ уақыт кетеді.

Жыл басында ХОК мен Бүкіләлемдік допингке қарсы орталық 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындары қатысушыларының допинг сынамаларын қайта тексеруді бастаған болатын. Бірінші тексеріс кезінде 1240 сынама қайта қаралды.

Тексерістен соң Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарының бес алтыны, бір күмісі және бір қола медальын қайтарып беруі керек. Бұл медальдардың барлығы да ауыр атлеттерге тиесілі. Атап айтсақ: Ирин Некрасова, Мария Грабовецкая, Майя Манеза, Владимир Седов, Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Светлана Подобедова және Алмас Өтешов.

Қазіргі кезде ХОК 2008 жылғы Олимпиада ойындарының төрт жүлдегерін медальдарынан айырды. Олар Ресей, Түркия және Армения мемлекеттерінен.

Сондай-ақ

АНДРЕЙ КАРПОВИЧ СПОРТТЫҚ МАНСАБЫН АЯҚТАМАҚ

35 жастағы «Алтайдың» жартылай қорғаушысы Андрей Карпович «Таразбен» болатын ойыннан кейін ойыншы ретіндегі мансабын аяқтамақ, …