Алматыда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында 14-ші велошеру өтті, деп хабарлайды Ақпараттық және спорттық хаб.
«Нұрлы Тау» бизнес орталығынан басталып ҚР тұңғыш президенті саябағында аяқталған 9 шақырымдық қашықтықты 500-ге жуық әуесқой бағындырды. Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен велосипед ойнатылатып, белсенді велошабандоздар флэшмоб биледі. Ең бағалы сыйлық болып табылатын велосипедті 17-жасар алматылық тұрғын Евгений Жук ұтып алды.

— Велосипед ұтып алғаныма мен өте қуаныштымын. Осымен екінші рет қатысып отырмын. Алғашқы рет түнгі велошеруге келген болатынмын. Шынымды айтсам әлі өзіме сенбей тұрмын. Ұйымдастырушыларга алғыс білдіріемін, бәрі өте тамаша, — деді Евгений Жук.

Айта кету керек, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2017-ші жылы жоспарланған 21 велошерудін он төртіншісі болып саналады.
«Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.
