Біздің қоржында Паралимпиаданың күміс медалі.
Раушан Қойшыбаева пауэрлифтинг спорты бойынша 67 кг салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ол 113 кг зілтемірді бағындырып паралимпиаданың күмісін жеңіп алды.
Бұл жолғы жарыста Раушан тек Қытайлық спортшыға жол берді. Айта кететін жайт, Раушан барлық қатысушылар арасындағы ең жасы ересек спортшы. Ол 1966 жылы туған. Раушан 1990 жылы ауыр жарақаттан соң екі тізесінен айрылған. Сондан бері мүмкіндігі шектеулі жандардың қатарында. Пауэрлифтингпен 2010 жылдан бері айналысады. 3 бала тәрбиелеп отырған ана.
Сонымен, жазғы Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы екінші медальін алып отыр. Алғашқы жүлдені жүзу спорты бойынша Зульфия Габидуллина еншілеген болатын.
Риодан Қазақстан Республикасы Спорт Комитетінің баспасөз хатшысы Бақытбек Хамит