Әуесқой бокста ел намысын абыроймен қорғаған боксшыларымыздың дені кәсіпқой боксқа ауысуда. Қазіргі кездегі кәсіпқой бокстағы танымалдылық өте жоғары. Қазақстандық боксшы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бобиржан Моминов та кәсіпқой бокста бағын сынап көрмек. Ендеше dodasport.kz сайты Бобиржан туралы деректер жинаған болатын.
Бобиржан Моминов 1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында дүниеге келген. Алғашқы жаттықтырушысы Сайлау Алтынбеков оны күреске барып жүрген жерiнен боксқа баулыған. Бобиржан жақында ғана отбасын құрды.
Жас боксшы Қарағанды облысындағы Әлия Молдағұлова атындағы дарынды балаларға арналған спорт интернатында оқыған. Кейін ҚарГУ-да мәдениет және спорт факультетін тәмәмдаған. Спорттық мансабында Қазақстан Республикасы бокстан ұлттық құрамасының мүшесі болды. Боксшы ретінде өзінің ілім-білім алған ортасы, Қарағанды облысының намысын қорғаған. «Астана Арланс» клубының мүшесі болған.
2011 жылы Қарағанды облысы құрамында Қазақстан Республикасы Бокс Федерациясының кубогын жеңіп алды. Бобиржан көптеген Халықаралық додаларда жеңіске жеткен. Солардың ішіндегі ең қомақтыларын назарларыңызға ұсынамыз:
- 2014 жылы Алматы қаласында өткен әскерилер арасындағы әлем чемпионы
- 2010 жылы Ғалым Жарылғапов атындағы Халықаралық турнирдің жеңімпазы. XXVII рет өткізілген турнирдің ең үздік боксшысы.
- 2012 жылы Қырғызстанда өткен «Ыстық көл кубогыны» жеңімпазы.
- 2014 жылы Әбдісалан Нұрмаханов атындағы Халықаралық турнир чемпионы.
Бобиржанды әуесқой бокста Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Жақсыбаев Қанат жаттықтырды.
Бобиржан Моминов қазіргі күні АҚШ-тағы Флорида штаты, Орландо қаласында дайындық жұмыстарын жасауда. Қазақстандық боксшы менеджерімен бірге алғашқы кездесулерін өткізіп, үлкен проумотерлік компаниялармен келісім шарт жасасу үшін өз-өзін көрсетуі тиіс. Отандасымыздың алғашқы кездесуі қыркүйек айына жоспарланғанымен, қарсыласы шаршы алаңға шығудан бас тартыпты. Ендігі кездесу 15-ші қазан айына жоспарланған.