Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (13-0, 11 КО) өзінің кәсіпқой бокстағы 14-ші жекпе-жегін өткізеді.
6-шы қазан (Астана уақытымен 7-ші қазан) күні Канаданың Квебек қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға көтерілетін отандасымыз Батыр Жүкембаевтың қарсыласы мексикалық боксшы Патрисио Морено (20-2, 14KO) болады. Жекпе-жектің жеңімпазы WBC International чемпиондық белбеуінің иегері атанады.
Айта кетсек, Батыр соңғы жекпе-жегін 26-шы мамырда өткізіп, қарсыласы аргетиналық Джонатан Хосе Энисті 7-ші раундтында нокаутпен жеңіп, бірінші жартылай орта салмақта WBC нұсқасы бойынша Америка аймағының чемпионы атанған болатын.