Басты бет / Басқа түрлер / НЕГЕ ҚАЗАҚСТАНДА ГИМНАСТИКАНЫҢ БОЛАШАҒЫ ЖОҚ?

НЕГЕ ҚАЗАҚСТАНДА ГИМНАСТИКАНЫҢ БОЛАШАҒЫ ЖОҚ?

Жақында ғана Катар астанасы Доха қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңі аяқталған болатын. Бұл сында жас гимнастшымыз Милад Карими күміс жүлдегер атанды. dodasport.kz сайтының тілшісі спортшыдан сұқбат алып, бүгінгі гимнастиканың жағдайы туралы білген болатын.

Милад Карими 17 жаста. Гимнастикамен айналысқанына 14 жыл болған. Әкесі Ирандық, шешесі орыс.

«Мені гимнастикаға әке-шешем алып келді. Үш жасымда алғаш рет Алматы қаласында өткен спорттық гимнасикадан сайыстардың бірін тамашалауға отбасыммен барыппыз. Сол кезде спортшылардың қимылдарын қайталап, күнде  жасай бергенмін. Содан соң мені жарыс үстінде жаттықтырушым Кашули Тахир байқап қалып, өз залына алып келді. Үлкен спортқа осылай келдім».

Милад әлем кубогы кезеңінде Қазақстанның биылғы маусымдағы алғашқы жүлдесін алып келді. Бұдан да жоғары нәтиже көрсетуге болатын еді дейді:

«Еркін жаттығу бойынша күміс жүлде алдым. Нәтижеме көңілім толды. Бірақ  снарядтардағы жаттығулар менің негізгі сүйікті жаттығуым болатын. Бұл жолы жүлде алудың реті болмады. Алда осы бағытта жұмыс жасайтын боламын».

Милад жастар арасынан енді ғана шығып, ересектер арасына өтті. Өзінің алғашқы додасында, жай ғана дода емес, әлем жұлдыздары жиналған сайыста бірден жүлдегер атанып отыр. Мысалы сайыста 6 дүркін әлем чемпионы, 3 дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері Румыниялық Мариан Драгулеско болды. Дәл осындай атақты спортшылармен бір қатарда сайысқа түсу Қазақстандық жас спортшы үшін үлкен тәжірбие болғаны анық. Айтпақшы, бұл Олимп шыңын бағындырған спортшы Миладтан кейінгі үшінші орынды иеленген болатын.

Жастар спорттық гимнастикаға қаншалықты қызығады? Қазақстандық гимнастшылардың бүгінгі жағдай қандай? Бұл туралы Милад айтып берді.

«Талантты жастар көп. Бірақ болашағы жоқ. Қыста жаттығу алаңы суық. Гимнастикада ең бірінші кезекте бұлшық етті қыздыру маңызды. Егер де сіз суық жерде жаттықсаңыз қайдағы қыздырынуды айтар едіңіз. Бұл дегеніміз біз қыс мезгілінде күнде өз-өзімізді жарақат алу қаупіне салып отырамыз деген сөз.

Емделу үшін де ешқандай жағдай, ешқандай қаражат қарастырылмаған. Сол себепті алған түрлі дене жарақатынан өзіміз ептеп жазылуға тырысамыз. Гимнастика командалық сайыс екенін білесіздер. Ал бізде болуға тиісті 12 спортшы түгілі, санаулы спортшылардың өзі жетісіп дайындала алар емес.

Әр жаттығу сайын қалыпқа келу үшін шет елдерде арнайы мамандар жұмыс жасайды. Біздің дәрігер үш аптада бір рет қана келеді. Мен жаттығатын залда жылу ешқашан болмаған. Соған байланысты талантты спортшылар бұл сыңды соңына дейін көтермей, спорттан қош айтысып жатады. Жай ғана таланттардан айырылып жатырмыз. Жаттықтырушылар өз күштерімен жылу бергісі келеді. Есік-терезелерді қымтап, жөндеу жұмыстарын өздері жүргізеді. Кешке таман жарық мәселесі бірінші орында тұрады. Сонадықтан кешке дайындалу біз үшін аса қауіпті».

2014 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы Қазақстандағы гимнастшылардың мәселесі бұнымен бітпейтінін айтады. Алматыдағы жайғдай Шымкентке қарағанда шүкірлеу екен. Басқа облыстарда да осындай мәселе көрінеді. Бұндай жағдайда жаттығып жатқан спортшылардың әлемдік додада топ жаруы жай ғана жетістік емес, жоқтан бар жасау.

«Арманым олимпиада чемпионы болу», — дейді Милад. Қазір жастар ойындарына іріктеу сайыстары өтуде. 10-15 сәуірде жастар ойындары, кейін мамыр айында Тайланд елінде Азия чемпионы бар. Осы сайыс алдында басшылық Пензе қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізетін қаражат бөледі деген сенімде.

Сондай-ақ

САДАҚ АТУШЫЛАРДЫҢ АЗИЯ КУБОГЫНДАҒЫ НӘТИЖЕЛЕРІ

  Наурыз айында Бангконг қаласында садақ атудан Рейтингтік ашық Азия кубогы өтті, — деп хабарлайды …