Басты бет / Бокс / ГАССИЕВ: ГОЛОВКИНМЕН БІРГЕ ЖАТТЫҒУДЫҢ ӨЗІ ҮЛКЕН КҮШ БЕРЕДІ

ГАССИЕВ: ГОЛОВКИНМЕН БІРГЕ ЖАТТЫҒУДЫҢ ӨЗІ ҮЛКЕН КҮШ БЕРЕДІ

 

Кәсіпқой бокста 24 кездесу өткізіп, жеңіліп көрмеген Мурат Гассиев Геннадий Головкиннен үлкен мотивация алатынын айтты.

Ресейлік боксшы GGG командасымен бірге Абел Санчестен тәлім алады.

Жеңіліп көрмеген ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшы Геннадиймен бір залда жаттығып, бірлесіп жұмыс жасау үлкен маңызға ие екенін жеткізді.

«Барлық боксшылардың арасынан Головкинді құрмет тұтамын және сыйлаймын. Бұл бір залда жаттығып, оның командасында болғаннан емес. Мен спортшы ретінде оның өмірімен тығыз жақынмын. Оның дайындығы, боксқа деген адалдығы таң қалдырады. Ол өз ісін білетін нағыз маман. Геннадий Головкиндей боксшымен бірге дайындық жүргізіп, алынбайтын қамал жоқ екенін түсіндім. Бұл мен үшін үлкен мотивация», — деді Гассиев.

Естеріңізге сала кетейік, GGG командасының мүшесі Мурат Гассиев желтоқсанның үші күні IBF мен WBA белдіктері үшін Денис Лебедевпен шаршы алаңға шығады.

Сондай-ақ

АНДРЕЙ КАРПОВИЧ СПОРТТЫҚ МАНСАБЫН АЯҚТАМАҚ

35 жастағы «Алтайдың» жартылай қорғаушысы Андрей Карпович «Таразбен» болатын ойыннан кейін ойыншы ретіндегі мансабын аяқтамақ, …