Түркіменстанның Ашхабад қаласында джиу-джитсу спортынан Азия чемпионаты өтуде. Бұл додада ел намысын мықты деген жас спортшыларымыз қорғауда.
Жарыстың алғашқы күні үш спортшымыз қола медаль еншіледі.
Жақында ғана әлем чемпионатында алтын медаль иеленген Дархан Нортаев бұл жолы қоланы қанағат тұтты. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қоныс Қуандық пен Әлжанов Еламан да Азия чемпионатының қола жүлдегерлері атанып отыр.