9-шы тур ойындарында өткен 6 ойында 17 гол соғылды. Демек, осы турымыз қызыққа толы болды деген сөз.
9-тур. 29-сәуір.
«Қайсар» 0-3 «Астана»
Голдар: 28′ Твумаси, 34′ Маевский, 75′ Мұртазаев (пен)
Ел біріншілігінде көп гол соққан «Астана» бұл матчта да өз шабуыл шебімен мақтанып қалды. Кездесу бастала салысымен шабуылға шыққан астаналықтар, жеңіске нық қадамдарын жасады. Шомконың айып алаңына асырған пасын Твумаси сәтті пайдаланды. Каньяс пен Максимовичтің орнын Маевский сенімді түрде басты. Осы ойында ширақ қимылдап, бір гол соқты. Өткен маусымда ең үздік шабуылшы болған Роман Мұртазаевта бұл ойында көзге түсті. Осылайша сапасыз алаңды ұната бермейтін Стойлов шәкірттері қасқырлар қақпасына жауапсыз 3 гол соқты.
«Шаxтер» 1-2 «Ордабасы»
Голдар: 57′ Шаxметов — 2′ 37′ Ковальчук
Өткен турда өз үйінде ұпай жоғалытқан шымкенттіктер бүгінгі ойынды ширақ бастады. Ойын басталысымен-ақ украиналық легионер Кирило Ковальчук есепті ашты. Жарты сағаттан кейін Ковальчук өзінің бұл маусымдағы үшінші голын соқты. Кирилоның қос голынан кейін шымкенттіктер босаңсып, ойын тізгінін беріп қойғандай көрінді. Ойынның 56-ші минутында Марат Шаxметов есеп айырмасын қысқартқанымен, кеншілерге көмектесе алмады. Қазір кеншілер турнирлік кестенің «түбінде» тұр.
«Тобыл» 0-0 «Ертіс»
Екеуі де көп шабуылдап, гол соғатын командалар бүгінгі ойында гол соқпады. Дмитров шәкірттері ойынды толық қолға алғандарымен, Непогодов қорғаған қақпаның саңылауын таба алмады. Дмитров бапкердің алаңнан қуылғаны болмаса, онша қауіпті сәттер бола қоймады.
«Тараз» 1-2 «Атырау»
Голдар: 73′ Зайнутдинов — 64′ Ли, 89′ Максимович
Жыл басында айырылған ұпайларын кері қайтарып алған «мұнайшылар» өздерінің алғашқы жеңістеріне қол жеткізді. Жаңа бапкермен жаңа белестерге жетпекші. Атыраулық аяқдопшылардың ойын мәнері өзгеріске түсіп, шабуылдары ширай түсті. Жаңбыр астында өткен ойында есепті Виталий Ли ашты. Араға 10 минут салып, Талгаев шәкірттері есепті теңестіріп еді. Бірақ, сербиялық Максимовичтің айып добынан соққан голы «Атырауға» 3 ұпай сыйлады. Осы жеңістен кейін «мұнайшылар» турнирлік кестеде 1 саты жоғарылап, жаңа парақтарды бастауға кірісіп кетті.
«Оқжетпес» 2-1 «Ақтөбе»
Голдар: 1′ Шафф, 90′ Досмағамбетов — 15′ Чертов (өқ)
Чемпионат басында көп үміт артылған «Ақтөбенің» ойыны мүлдем жүрер емес. Бүгінгі ойында тағыда ұтылды. Ешқандай стандартқа сай емес «Тарлан-Аренада» өткен матчта небәрі 15-ші секундтта гол кірді. Гол авторы — Сергей Шафф. Артынша көкшетаулық жігіттер өз қақпаларына гол соғып, «тентектерді» қуантып қойған болатын. Ойынның соңғы минутында Тимур Досмағамбетовтың соққан голы «Ақтөбені» толықтай тығырыққа тіреді. Бұл жеңілістен кейін «ақ-қызылдар» 10-шы орынға тұрақтады. Бұлай жалғаса беретін болса, бірінші лигаға кету қаупі бар.
«Қайрат» 4-1 «Ақжайық»
Голдар: 1′, 47′ Исламxан, 32′ Гоу, 58′ Сүйімбаев — 82′ Валиуллин
Өз алаңында ешкімді аямайтын «Қайрат» бүгін де әдетінен жаңылмады. Батыстан келген командадан еш қиындықсыз жеңісті иеленді. 25 метр қашықтықтан бағытталған Бауыржанның дәл соққысы, биылғы маусымдағы Гоудың 9-шы голы, шабуылға белсене араласатын Ғафуржанның голына «Жайықтың жағасынан» келген жігіттер жалғыз ғана доппен жауап қайтарды. Және бүгінгі голдардың барлығы Исламбек Қуаттың жарық дүние есігін ашқан қызына арналды.