Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов IBF чемпионымен спарринг өткізуде.
10 ақпан күні Толедо қаласында 33 жасар отандасымыз Жанат Жақиянов (26-1, 18КО) 29 жасар Америкалық Роуши Уорренмен (14-1, 4КО) жекпе-жек өткізеді. Жеңімпаз WBA (Super) және IBO жеңіл салмақта (53,5 кг) әлем чемпионы атағын иеленеді. Бұл атақ дәл қазір Роушиге тиесілі.
Жанат Жақиянов бапкері Рикки Хаттонның нұсқауымен Англия қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Дайындық жұмыстары барысында отандасымыз IBF нұсқасы бойынша орта жеңіл салмақтағы Ұлыбританиялық әлем чемпионы Ли Сэлбимен (23-1, 8КО) спарринг жасауда.
Жанат Ескендірұлы Жақиянов (Double Z)
Ұлты, азаматтығы: қазақ
Туған жері: Петропавл, Қазақстан
Қазіргі тұратын жері: Благовещенка, Қазақстан
Промоутер, бапкері: Рикки Хаттон
Салмағы: Жеңіл салмақ (53,525 кг (118 фунт))
Бойы: 170 см
Тұрысы: оң
Лақап аты: ZZ (Double Z)
Кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуі: 03 тамыз 2007 жыл, 23 жасында