Басты бет / Без рубрики / КЕДЕЙ ОТБАСЫНАН ШЫҚҚАН ФУТБОЛ ЖҰЛДЫЗДАРЫ

КЕДЕЙ ОТБАСЫНАН ШЫҚҚАН ФУТБОЛ ЖҰЛДЫЗДАРЫ

Футбол өз тарихында көптеген аңыздарды танытып, олардың әлемдік деңгейге дейін көтерілуінің негізгі себепкері болды. Диего Марадона, Рональдиню, Пеле секілді аңыз ойыншылар футбол дегенде еске түсері анық. Оларды біріктіретін тек футбол ғана емес… Олардың балалық шақтары… Өздерін және отбасын асырау үшін, талмай жұмыс жасап, еңбектенген. Бірақ, футболдың олар үшін азық боларын білмеген еді. Мүмкін, қазір аулада доп теуіп жүрген, бір топ баланың бірі ертеңгі әлем футболының жұлдызы болар.

1. Қазір жұлдызы жанып тұрған шведтік аяқдоп шебері — Златан Ибрагимович өзінің қайтпас қайсарлығымен танымал. Бұның бәрі оның балалығында жатыр.

Златан 1981 жылыдң 3 қазанында Мальме қаласында дүниеге келді. Оның әкесі босниялық болған, және араққа аса құмар болыпты. Ал анасы хорват ұлтынан шыққан аса қарапайым болған. Ол балалығының көп бөлігін айқай-шудың ортасында өткізді. Ал ол екі жасқа толғанда ата-анасы ажырасып, олар балаға таласқан. Бірақ, көп ұзамай әкесі де, шешесі де қайтыс болған Златан, көпке дейін балалық өмірін азаппен өткізеді.
Ал, футболмен ол 12 жасында ғана танысты. Осы уақыттарда Златан өзінің ұсақ ұрлыққа барғанын мойындаған және ол үшін кешірім сұраған.
Ол «Мальме» клубында жұлдыздай жарқырап таныла бастайды. Бірақ, жеке басының мәселесіне байланысты клубтан шығып кетеді.
Бірақ, бес жыл өткен соң «Эредивисидің» мықты клубтарының бірі «Аяксқа» ауысады.

2. Уругвайдың үлгілі футболшыларының бірі — Луис Суарес 1987 жылдың, 24 қаңтарында өмірге келді. Оның туған жері — Сальта қаласы. Ол отбасындағы жеті баланың төртіншісі болды. Ол жеті жаста болғанда әкесі жұмыс іздеп балаларынан алысқа кеткен. Өкінішке орай, екі жыл өткен соң, оның әке-шешесі заңды түрде ажырасады.

Луис бауырларымен бірге қауіпті, қылмыскерлер қаласында өмір сүрулеріне тура келді. Луис футболды сол шақтан бастап сүйген. Бірақ, ол ойнайтын аяқ киім таба алмаған. Дегенмен, оған қолдау көрсеткендер табылады және Уругвайдың ұлттық футбол Федерациясының скауттары оны байқап қалады. Осы тұста Луис футбол оның өмірін өзгерте алады деп сеніп, сол жолды таңдайды.
Бірақ, оны құтқарған негізгі нәрсе, София Бальбамен үйлену болды. Оның өмірін түбегейлі өзгерткен әйел.

3. Анхель ди Мария 1988 жылы, 14 ақпанда Росарио қаласында туған. Ол балалық шағында-ақ жағымсыз оқиғалармен текетіреседі. Бір күні ол құдыққа түсіп, айналасындағыларға мазақ болыпты. Осыған қарамастан ол, тындай еңбектенді. Екі қарындасымен бірге көмір зауытында істейтін, әке-шешесіне көмектескен. Оны да жергілікті скауттар байқап, өз клубтарына қарай тартуға тырысады.

Футболға төрт жасынан құмар Анхель алғашында «Росарионың» жастар құрамасында, кейін негізгі құрамында ойнайды.
Ал ол «Бенфикаға» көшкенде, ол ата-анасына Лиссабоннан үй сатып әпереді.

4. Әлемнің ең таңдаулы футболшыларының бірі — Криштиану Роналду да балалығында қиындық көрген. Оның анасы отбасындағы қаржылық жағдайлардың қиыншылықтарына байланысты түсік жасатуға бел байлаған. Бірақ, анасы бұдан бас тартып, 1985 жылдың, 5 ақпанында, Португалиядағы ең нашар аудандардың бірі Фуншалда болашақ футбол жұлдызы дүниеге келеді. Криштиану отбасындағы екі әпкесі мен бір ағасынан кейінгі кенжесі болды. Анасы — аспаз, әкесі — бағбан болған.

Роналду осы уақытқа дейін өз балалығы туралы бірнеше мәліметтер айтып келген еді. Бірақ, ол барлығын түгелдей, барлық деталімен айтуға шешім қабылдады.
14 жасында Роналду мұғаліммен мәдениетсіз араласқаны үшін, мектептен қуылған. Осыдан кейін, Криштиану отбасын асырау үшін жұмысқа тұрмақ болған. Әйткенмен, анасы бұған рұқсат бермей, аяқдоп өнерін жалғастыра бер деп кеңес берген.
Футбол мансабын ол әуесқой балалар клубы «Андориньядан» бастаған. Сол уақытта оның әкесі клубта жұмыс жасаған. Кейін «Насьонал», онан соң «Спортингке» ауысу Криштидің өмірін түбегейлі өзгертті.

5. 1983 жылдың 7 сәуірінде Булонь-сюр Мэр қаласында Франк Рибери дүниеге келеді. Олар отбасымен Фпанк екі жаста болғанда көлік апатына ұшырайды. Олардың машинасы жүк көлігімен соқтығысып, Франктың денесіне терезе әйнектері жабысып қалады. Оның денесінен жүзге жуық ұсақ әйнектерді суырған. Ал, бетінде үлкен тыртық қалып қояды. Тыртықты бірнеше рет алып тастауға ұсынып жасалса да, Франк одан бас тартып, тыртықтың оның бір бөлшегі екенін жеткізген.

Ол өзі тұрған жерде футболды үйреніп, ұлттық деңгейге дейін жетеді.

 

Сондай-ақ

ӘЛИ АХМЕДОВ ҚАРСЫЛАСЫН БІРІНШІ РАУНДТА НОКАУДПЕН ЖЕҢДІ

  Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов төртінші жекпе-жегінде қарсыласын техникалық нокаудпен жеңді. Әли Әзірбайжандық қарсыласын …