ЕЛ ҚҰРАМАСЫНЫҢ ҰЛТТАР ЛИГАСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

Бүгін, Қазақстан Ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы додасының ашылу ойынында, Грузия құрамасына қарсы ойын өткізеді.

Кездесу сиымдылығы 30 000 көрермендік «Астана Арена» стадионында өтеді, басталуы сағат 20:00-де. Қазақстандық «Qazsport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.

Ойынға Түркия елінен келген Халил Мелер төрелік ететін болады.

Айта кетсек, Қазақстан Ұлттық құрамасы D тобында өнер көрсетеді. Ұлттық құрамамыздың қарсыластары Грузиядан бөлек, Андорра және Латвия құрамалары болмақ.