14 қазан күні Конфедерация Кубогы аясындағы кезекті іріктеу кезеңі Алматы облысының әкімшілік орталығы Талдықорған қаласында өтеді. «Жастар» спорт кешенінде болатын жарыс Астана уақытымен таңертең сағат 10:00 басталады.
Командалардың келуі мен мандаттық комиссия жұмысы 13 қазанға жоспарланған. Естеріңізге сала кетейік, жеребе тастау кезінде В тобына Алматы облысы, Ақтөбе мен Қарағанды облыстары және Шымкент қаласы түскен болатын.
Конфедерация Кубогы – барлық 14 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қаланың командалары арасында бокс, грек-рим, еркін күрес, қазақ күресі, жудо және таэквондодан өтетін республикалық маңызы бар алпауыт турнир. Бұл сайыстың ерекшелігі сол, спорттың барлық түрлерінен болатын финалдық ойындарды көрермендер бір мезетте тамашалай алады. Турнир биыл үшінші мәрте жалауын көтеріп отыр. Конфедерация Кубогы 2016 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Өткен аптада Қызылжарда болған іріктеу ойындары кезінде D тобында жартылай финалға өткен командалар мыналар:
Дзюдо — Қызылорда облысы
Таэквондо — Түркістан облысы
Грек-рим күресі — СҚО
Еркін күрес – Түркістан облысы.
А тобындағы (ШҚО, Қостанай, БҚО, Павлодар) іріктеулер 20 мен 21 қазан аралығында Семейде, С тобындағы (Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Алматы қаласы) ойындар 27 мен 28 қазанда Атырауда өтеді.
Ұтқан командалар Конфедерация Кубогымен қатар, 25 миллион теңге сыйақы еншілейді. Тимур Асқарұлы Құлыбаев негізін қалаған жарыстың жыл сайынғы бюджеті 145 миллион теңгені құрайды.
Дереккөз: Confederation.kz