ҚАНАТ ИСЛАМДЫ IBF-ТА ӨЗ РЕЙТИНГІСІНЕН ШЫҒАРДЫ

Халықаралық Бокс Федерациясының (IBF) өткен ай қорытындысы бойынша жаңа рейтингісі жарияланды.

Өткен айда Қазақстандық боксшылардан бұл рейтингте өзі ғана болған бірінші орта салмақта WBO NABO, WBA-NABA және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері Қанат Ислам (25-0, 20КО), бұл жолы жаңа рейтингтен табылмады.

Бұған дейін отандасымыз, WBC, WBA және WBO рейтингтеріненде шығарылған болатын. Енді, Қанат IBO рейтингісінде ғана бар, ол жерде оныншы орында тұр.

Айта кетсек, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін Астана қаласында өткізіп, 9-шы раундта канадалық боксшы Брэндон Кукті нокаутпен жеңген болатын. Ал шаршы алаңға 23-ші маусымда АҚШ-тағы бокс кешінде қайтып оралуы жоспарланған, бірақ оқу-жаттығу барысында аяғынан жарақат алып жекпе-жек өтпейтін болды.