САМАТӘЛІНІҢ КӨЗДЕГЕНІ АЛТЫН

Саматәлі Толтаев Ресейде өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында кезекті жеңісіне қол жеткізіп, ширек финалға шықты.

56 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан қазақ боксшысы Саматәлі Толтаев Венесуэла боксшысы Бонилла Мартинесті 5:0 есебімен ұтып, жеңіске жетті.

 

Саматәлі осыған дейін ирландиялық Джеймс Коугланмен жұдырықтасып, айқын басымдылықпен жеңген болатын. Ал венесуэлалық боксшының бұл алғашқы жекпе-жегі болатын. Бүгін оны қазақтың талантты боксшыларының бірі Саматәлі Толтаев жарыс жолынан тайдырып, үйіне медальсіз қайтарды. Жекпе-жек үш раунд бойы қазақ боксшысының айқын басымдылығымен өтті. Енді біздің боксшымыздың ширек финалдағы қарсыласы — Али Ихсан (Түркия)

 

Бөлісу: