Францияның Макон қаласында күрес түрлері бойынша жастар арасындағы әлем чемпионаты өтуде. Жарыстың төртінші күні жалғыз күміс медаль қоржынға түсті.
Қыздар күресі бойынша 55 келі салмақта Марина Седнева күміс жүлдегер атанды. Балуан қызымыз алғашқы белдесуінде Польшалық қарсыласын 5:4 есебімен ұтты. Кейін Германиялық балуан қызды таза әдіспен уақытынан бұрын тізе бүктірді. Венгр балуанын тартысты өткен кездесуде 8:6 есебімен ұтты.
Өкінішке орай финалда Жапон балуан Маю Мукайдаға есе жіберді.
Естеріңізге сала кетейік, Марина Седнева былтырғы әлем біріншілігінде қола жүлдегер атанған болатын.