Ресейдің Нижневарторск қаласында дәстүрге айналған қаласында мұнайлы елдер арасындағы әлем кубогы мәресiне жетті. XIV рет ұйымдастырылған Социалистік Еңбек Ері Фарман Салмановты еске алуға арналған турниге әлемнің 13 елінен 148-дан астам былғары қолғап шеберлері сынға түсті.
Мұнайлы елдер арасындағы Халықаралық додада жыл сайын Атырау облысың спортшылары ел намысын қорғап жүр. Биылғы жылғы бокс бәсекесінде спортшыларымыз 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы беріліп, жүлдегерлерге ақшалай сыйақы табыс етілді.
52 келі салмақ дәрежесінде Салауатов Рашид финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. 75 келіде сынға түскен Амандық Манашев болса қола жүлдегер.
Әйелдер арасындағы бәсекеде Назым Ищанова қола жүлдегер атанды.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр Ханты-Мансийск қаласында өткен сайыста 60кг салмақта Астаналық Дархан Жұмсақбаев пен 69 келіде Атыраулық Азамат Досмағамбетов күміс жүлдегер атанған болатын.