Басты бет / Қысқы спорт / НҰРБЕРГЕН ЖҰМАҒАЗИЕВ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

НҰРБЕРГЕН ЖҰМАҒАЗИЕВ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

 

Корея елінің Каннын қаласында шорт-трек спортынан әлем кубогының төртінші кезеңі өтуде.

Шорт-трекшілеріміз араға бір кезең салып тағы да қуантты.

1000 метр қашықтықта Нұрберген Жұмағазиев чемпион атанды.  Ол  іріктеу кезеңінде өз тобында бірінші орын алып, жалпы тоғызыншы нәтижемен келесі кезеңге оңай өткен болатын. Финалда қос Канада елініңжәне үш бірдей Корей спортшыларын шан қаптырып, тарихқа өз есімін қалдырды.

Жалпы Қазақстан құрамасында 1000 метрдің көшбасшысы Нұрберген Жұмағазиев саналып келген. Осыған дейін өткен әлем кубогы кезеңінде шорт-трекшіміз бұл қашықтықтың іріктеуінен оңай өтіп, жүлде тұғырына көтерілуге сәл-ақ қалып еді. Бүгінің өзінің мықтылығын мойындатып отыр.

Айта кету керек, 1000(2) метрде Нұрберген Жұмағазиев іріктеуде бірінші келіп, жалпы уақыт есебі бойынша тоғызыншы орынмен келесі кезеңге өтті. 1000 метрдің екінші бәсекесінде де спортшымыз жоғары орындарға таласатын болады.

 

Сондай-ақ

СЫРТ АЛАҢДАҒЫ «БАРЫСТЫҢ» ЖЕҢІСІ

  Құрлықтық хоккей лигасы аясында Астаналық «Барыс» командасы қонақта Хабаровскиік «Амурды» ұтты. «Амур» — «Барыс» 1:2 …