Басты бет / Әлем / РЕСЕЙ ТУЫ ҮШІН ПӘТЕР СЫЙЛАМАҚШЫ

РЕСЕЙ ТУЫ ҮШІН ПӘТЕР СЫЙЛАМАҚШЫ

 

Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында Беларусь спортшылары Ресей Федерациясының туын ұстап шықты.
Естеріңізге сала кетейік, допинг дауына байланысты Ресейлік Паралимпиадашылар ойындарға жіберілмеген болатын.

Туды ұстап шыққан Беларусь жеңіл атлетика спорты бойынша Олимпиадалық дайындау орталығының басшысы Андрей Васильевич Фомочкин. Ол 1986 жылғы КСРО спартакиядасының жеңімпазы және КСРО қысқы көп сайыс спорты бойынша рекорд авторы болып табылады.

Ресей сыртқы істер министрлігінің қызметкерлірінің бірі Мария  Захарова өзінің Facebook желісінде туды алып шыққан құрметі үшін  Андрей Васильевич Фомочкинге пәтер сыйланатынын мәлімдеді. Анық қанығын кейін айтамын, дәл қазір Фомочкин пәтері үшін Мәскеуге келді,- делінген.

Шеттетілген елдің туын ұстап шыққаны үшін Беларусь өкілі ойындардағы аккредациясынан айырылған болатын.

Сондай-ақ

УНИВЕРСИЯДА ОЙЫНДАРЫ ЕЛ АРАСЫНДА НАСИХАТТАЛУДА

Қазақстанның бірнеше аймағында 2017 жылғы Универсиаданың басталуына 100 күн қалуына орай, оқу ордаларында танымал спортшылардың …