Басты бет / Әлем / РЕСЕЙЛІКТЕР НЕ ҮШІН ОЛИМПИАДАДАН ШЕТТЕТІЛГЕНІН БАХ БІЛМЕЙДІ

РЕСЕЙЛІКТЕР НЕ ҮШІН ОЛИМПИАДАДАН ШЕТТЕТІЛГЕНІН БАХ БІЛМЕЙДІ

Халықаралық Олимпиада Комитетінің президенті Ресейліктердің не үшін Олимпиададан шеттетілгенін білмейтінін айтты.

Допинг дауына байланысты негізгі шу Ресейлік жеңіл атлеттерден басталған болатын. Олардан табылған заңсыз препараттардың жазасы ретінде спортшылар бір жылға шеттетілді. Кейін Рио Олимпиадасына қатысу құқығынан айырылды. Тек АҚШ-та жаттығатын Дарья Клишина ғана ойындарға қатысқан болатын.

Томас Бахтың пікірі мынадай:

«Жекелеген спортшылар допингпен ұсталып жатса, оның жеке өзі мен жауапты федерацияны жазалау керек. Ал жазықсыз спортшылардың Рио Олимпиадасына не себепті шештетілгені белгісіз».

WADA антидопингтік орталықтың басшысы Ричарад Маклареннің айтуы бойынша тексеріс енді ғана басталды. Бах оған келіспейді.

«Лицензия ұтып алған атлеттердің барлығын шеттете салмай, олардан жеке-жеке сұрау алу керек еді. Қарсы тарапты тыңдамай шығарылған төрелік кімге қажет?»

Олимпиада ойындары бітіп, болоары болып, бояуы сіңгеннен кейін Бахтың Ресейліктерді жақтап шыққаны қызық көрінеді. Білдей бір Халықаралық ұйымның президенті «білмеймін» дегені несі.

Сондай-ақ

СВЕТЛАНА ПОДОБЕДОВА: КҮТУДЕН БАСҚА АМАЛ ЖОҚ

  Ауыр атлет Светлана Подобедова соңына дейін допинг дауы өз шешімін табады деп сеніп келген. …