Америкалық боксшы Роши Уоррен қазақстандағы Жанат Жақияновқа қарсы алдағы кездесу жайлы пікірін білдірді.
«Жақияновтың қандай боксшы екенін түсіну үшін оның бір ғана раундын көру жеткілікті болды: ол бірден алға ұмтылып, сені құлатуға тырысады. Ол үміткер, сондықтан оны көзден таса қылмауым керек. Мен кез келген қарсыласты құрметтеймін, бірақ оңай жеңетінімді білемін – әсіресе Огайода», — деді Уоррен BoxNation-ге берген сұхбатында.
Жақиянов – Уоррен жекпе-жегі 10 ақпанда америкалық Огайо штатының Толедо қаласында өтеді. Сарапқа WBA Super мен IBO титулдары салынады.