Ташкент гран-приіндегі екінші қола медальді Севара Нышанбаева еншіледі.
57 келі салмақта үш белдесу өткізген отандасымыз екенде жеңіп, біреуінде ұтылып қалды.
Алғашқы белдесуінде Севара Өзбекстандық Мерзаеваны иппон әдісімен жеңді. Жартылай финалда Ресейлік Конкина Анастассиядан иппон әдісімен ұтылып қалды.
Қола жүлде үшін тартыста жарыс қожайыны Аланазарова Амангүлді иппон әдісімен жеңді.
Бұл салмақта сынға түскен тағы бір спортшымыз Казюлинна Анна бесінші орынды қанағат тұтты.