Жапония астанасы Токио қаласында су добынан Азия чемпионаты мәресіне жетті. Оныншы рет өткізілген додада Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлдегер атанды.
Қыздарымыз 2017 жылдың жазында Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтетін Әлем Чемпионатына жолдама алды!
Команда мен команданың жаттықтырушыларын құттықтаймыз!
Сөйтіп, ерлеріміз күміс және әйелдеріміз қола жүлдегер атанып, керекті ұпайларды жинап алды.