Денсаулығын жақсарту үшін адамдар спортпен жиі шұғылданып, бар ғұмырын соған арнайды. Әлемде ерекше ықыласқа ие спорт түрлері өте көп. Футбол, баскетбол, бокс т.с.с. Ал біз білмейтін спорт түрлері қаншама?! Бүгін біз назарларыңызға адамды еріксіз тәнті қылатын спорт түрлерін ұсынамыз.
Фин жүгірісі
Финляндияда әр жыл сайын әйелдерін арқалап алып, бөгеттермен жүгіретін ерлер жарысы өтіп тұрады. Ойынның басты шартты 250 метрлік бөгеттерден аман-есен өтіп, мәреге жету. Жеңімпазға көп мөлшерде жергілікті сыра беріледі екен
Ірімшікті роллинг
Бұл спорттың басты шарты — жүгіре білу. Биік төбеден лақтрылған ірімшіктің артынан, құлдилай жүгіру керек. Жоғарыдан төменге қарай жүгіру оңай емес. Сондықтан орта жолда жарысқа қатысушылар құлап, жарақаттанып та жатады
Боссабол
Бұл спорт Бразилия елінде кеңінен таралған. Кәсіби ойыншы былай тұрсын, жай ерікті адамның өзі де жағалау волейболында шырқау биікке көтеріліп, керемет соққы жасай алады. Бұл спортқа керекті құралдардың бірі — батут
Скибоб
Қысқы спорттың қауіпті түрі. Биік төбеден төменге қарай түсу керек. Бір қызығы, сноуборд немесе шаңғы емес, велосипед тебуіңіз басты шарт болып табылады
Соқыр футбол
Бұл ойынға қатысу үшін спортшылар арнайы көзілдірікпен көздерін тағып, жанарларын жасырады. Бұл спорттан алғашқы чемпионат 1986 жылы Испанияда өтті. Одан кейін, 2004 жылы Паралимпиадалық ойындардың бағдарламасына енді.
Түйенің үстінен секіру
Бұл спорт Йемен елінде кеңінен таралған. Түйенің биіктігі кем дегенде 170 см болуы қажет. Суретте көріп тұрғандарыңыздай, йемендік жігіт үш бірдей түйенің үстінен секіруде
Ботаоши немесе ағашты құлату (Жапония) |
Бұл ұлттық ойын түріне 75 адамнан тұратын екі команда қатысады. Олардың бірі тік тұрған ағашты құлатуы тиіс. Ал екіншісі бірінші командаға қарсылық көрсетуі керек. Нәтижеде нағыз төбелес орын алады. Ойынның ережелері бойынша қатысушылар қарсыласын ұрып-соғудан бөлек, тістей алады.