Басты бет / Допинг / ТАЙМУРАЗ ТИГИЕВ ОЛИМПИАДА МЕДАЛЬЬІН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ

ТАЙМУРАЗ ТИГИЕВ ОЛИМПИАДА МЕДАЛЬЬІН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ

 

Халықаралық Олимпиада Комитеті 2008 жылғы Олимпиада ойындарының нәтижелерін қайтра тексерістен өткізді. Бірқатар спортшылардың қан құрамынан рұқсат етілмеген препараттар тауып, медальдарын тартып алды.

Өкінішке орай бұл тізімде Қазақстандық еркін күрес шебері Таймураз Тигиев те бар. Пекин Олимпиадасының күміс жүлдегерінен туринабол препараты табылған.

Таймураз Тигиев Солтүстік Оситияда дүниеге келген. 2006 жылдан бері Қазақстан атынан сынға түсіп келеді. 34 жасар балуан Пекинде күміс жүлдегер, Лондонда 14-ші орын алған. Енді оның бұл нәтижелері жоққа саналып отыр.

Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері бүгінде Ресей еркін күрес шеберлерінің бапкерілері қатарында қызмет етіп жүр.

Айта кетейік, екінші толқынмен Олимпиада нәтижелерін қайта қараған кезде ХОК Пекин Олимпиадасының 60 жүлдегерінен допинг тапқан.

 

Сондай-ақ

ҚАНАТ ИСЛАМНЫҢ АЛЛОТЕЙДІ ҚҰЛАТА АЛМАҒАН СЕБЕБІ

  Жасырары жоқ, бұл кәсіби рингтегі ең ауыр жекпе-жегім болды. Осыған дейінгі айқастарымда да соңғы …